ВЕТЕРАТЫ


 

 Ардагерлер

1.Таңқыбаев: Жеті жылдық «Казрис» мектебінің алғашқы директоры.

2.Мұсабаев Ақберген, Мұсабаев Жағыпар, Аубакиров Айтбай, Есдәулетов Кемеш, Мұсабаев Әміртай. Соңғы екеуі соғыстан қайтпаған.

3.Тотай Тұрлығұлов  1937-1944 жылдары 7 жылдық мектепте оқып, бітіріп шықты. 1951 жылы Қызылорда  педагогика институтын аяқтады. Еңбек жолында Горком комсомолдың бірінші хатшысы, №43 Коммунизм орта мектебінде завуч, «Білім және Еңбек» журналында қызметтер атқарды. Осы журналда еңбек ете жүріп, «Тарих ғылымдарының кандидаты» атағын алды. 5-сыныпқа арналған тарих оқулығының , табиғаттану, дүниетану оқулықтарының авторы.

4.Байқадамов Жұмабай-соғыс ардагері,  1965-75 жылдары Жалағаш ауданы ішкі істер бөлімінің бастығы,  1976-80 жылдары  облыстық түрме бастығы қызметтерін атқарып, зейнетте жүріп 1981-84 жылдары Күріш зауытында заңгер болды.

5.Одан кейін мектеп директоры Бақбергенов Дайрабай болды.

6.Бұл кісіден кейін соғыстан екі аяғынан айрылып Әубакиров Айтбай келіп мектеп басқарды.

7.1940- жылдардың аяғы мен 1950-жылдардың бас кезінде Сүлеймен ишанның баласы Бекішов Бақытжан директор  болды.

8.1963-64 оқу жылында мектеп қайтадан ашылып Оразалиев Сәрсенбай меңгеруші болды.

9.1989-1993 жылдары Қоқашова Райхан апай меңгеруші болып қызмет етті.

10.1993-98 жылдары Мамырбаева Гүлжахан мектеп меңгерушісі болып қызмет етті.

11.1998 жылдан бастап мектеп меңгерушісінің міндетін атқарушы, ал 2000 жылдан бері мектеп меңгерушісі болып Алпысбаева Шолпан  тағайындалды.

 

Добавить комментарий