Ата ана 77

Құрметті ата-аналар! Mектеп сайтымен танысып, мектеп өмірінен керек ақпарат алып төменде комментарий және ұсыныс қалдыруларыңызға болады.



 

«Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі»

ата-ананың мектептегі алатын орны

     Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесіне ерекше дамытушыда, ілгері апарушыда-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы.

     Шығыс ғұламасы Әл-Фарабидің сөзінен бастағым келеді: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» делінген.

Осыған байланысты мектебімізде баланы өмірге бейімдеу демектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек.

Мақсаты:

Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.

Сынып жетекшінің міндеті:

  1. 1.Ата-аналармен тығыз байланыста болу;
  2. 2.жиналысын өткізу;

Ата-ананың міндеті:

а) Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы;

ә) Сабақтан келген балаңның күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету;

б) Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу;

в) Сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымы мен байланыста болу;

г) Балаңыздың мектептегі жағдайын жасау барысында өз еркіңізбең оқу-тәрбиесі -шараларына қаржылық көмек көрсету;

ғ)Мектептегі ашық есік күні балаңыздың сабағына қатысу;

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс неғұрлым тиімді болуы үшін олармен байланыстың әрқилы түрлерін қолдану қажет. Кейбір сынып жетекшілері тоқсанның аяғында үлгерім қорытындылары туралы ата-аналар жиналыстарын өткізуімен және оқуға үлгермеу үшін емес тәртіпсіз балалардың ата-аналарын барлық уақытта бірдей келісіп әрекет жасамауы мүмкін. Бұдан басқа сыныпта, мектепте болатын кез-келген жұмыстарғ амектепішілік іс-шараларға, сынып жетекшілердің ең бірінші қолдап, демеу көрсететін-сынып оқушыларының ата-аналары. Осыған байланысты сынып жетекші ең бірінші сынып ата-аналар төрайымымен және сынып ата-аналарымен тығыз байланыста болуы керек. Кез келген мәселенің жауабы ата-аналар мен шешімін табуға тиісті. Осы жоспарды барлық сынып жетекшілері бұл мәселені бірлесіп дұрыс жолға қоя білсе, көптеген жұмыстарымыздан жеңілдіктер байқалар еді. Осыған байланыстык өптеген ата-аналар сынып жетекшінің ай сайын өткізетін ата-аналар жиналысына келмей де жатады, оқушыныңыздың ата-анасымен қалай байланыс жасау керектігі жайлы шешілетін көптеген жолдары бар.

І. Оқушының жанұясына барып тұру.

Бұл-ата-аналармен жеке жұмыс істеудің неғұрлым кең тараған және тиімді түрі. Жанұяға барғанда сынып жетекшісі өз оқушысының үйдегі өмірімен, тұрмыс жағдайымен танысады. Ата-аналарымен және жанұяның басқа мүшелерімен әңгімелескенде,сынып жетекшісі оқушының мінезі, қызығуы мен икемділігі туралы ата-аналарына, үлкендер мен кішілерге қарым-қатынасы туралы мағлұматтар алады.

Ата-аналарын мектепке тек баласы тәртіп бұзғанда немесе жаман оқи бастағанда ғана шақырмау керек. Кейде оқушы өзін жаман ұстамайды, жақсы оқиды, бірақ сынып жетекшісі оның сыныптан тыс оқуын ұйымдастыру, оны қандай да бір қоғамдық  пайдалы жұмысқа қатыстыру, оның белгілі бір саладағы дарынын дамытуға қажетті жағдайлар жасау туралы да ата-аналармен келісіп алуы керек. Ата-аналар мектепмұғалімдерімен кездесіп отыру пайдалы ғана емес, қажет те. Ол кездесулер мектеп пен жанұя арасында тығыз байланыс орнатуға, оқушылардың оқуы мен тәртібінде кемшіліктерді болдырмауы үшін дер кезінде шара қолдануға мүмкіндік береді.

II. Ата-аналармен хат алмасу.

Кейбір сынып жетекшілері жанұяменбайланыста ата-аналармен хат жазысып тұру түрін қолданады. Хат арқылы мектеп оқушысының үлгерімі мен тәртібі туралы хабарлап тұрады. Кейде хат жазғанда ата-аналардан жанұя тәрбиесіндегі қиындықтар туралы сұрауға, бала тәрбиесі жөнінде олар қандай әдебиеттер оқитынын біліп, ол жөнінде тиісті жаңа кітаптар ұсынуға болады. Ата-аналармен хат жазысуға оқушының күнделік дәптері пайдаланылады. Сынып жетекшілері онда оқушысының оқуға, қоғамдық жұмысқа қатысты тәртібі туралы қысқаша жазып отыру керек.

ІІІ. Сыныптық ата-аналар жиналысы.

Бұл-сынып жетекшісінің жанұямен байланысының аса-маңызды бір түрі. Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының жайымен және міндеттерімен ата-аналарды таныстырып отыру үшін мұндай оқу жылының басында және әрбір тоқсанның аяғында өткізіледі. Олардың мақсаты ата-аналарды нақтылы педагогикалық біліммен қаруландырып, жанұяда бала тәрбиелеудің алдыңғы қатарлы тәжірибесімен таныстырып отыру болып табылады. Сынып жетекшілері ең бірінші өздерініің жетекшілік етіп отырған сыныбында ата-аналарына арналған педагогикалық білімдерді насихаттау үшін әңгімелер мен лекциялар өткізуіміз керек. Олардың мазмұны ата-аналардың талаптарына, оқу-тәрбие жұмыстарының нақтылы міндеттеріне байланысты болады.

Әңгімелер мен лекциялар жүйелі түрде белгілі бағдарлама бойынша өткізіліп отырса ғана көздеген мақсатына жете алады. Мысалы: «Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі туралы», «Балаларды ұқыптылыққа үйрету», «Үлкендерді сыйлауға үйрету», «Баланың мінез-құлығын тәрбиелеу туралы», «Сыныптан тыс оқуға қалай басшылық жасау керек» т.б. Бала өнегелі болса, сөз жоқ, ол көрікті болады. Сіз, құрметті ата-ана, ұлыңыздың немесе қызыңыздың мектепте нашар оқығанын қаламайтыныңыз белгілі. Кейде, немесе, күнде балаңыз «2» деген нашар баға алса, онда оған ренжисіз, сөгесіз, тіпті тілдеп те жібересіз.

Сондай кезде баламен ұрыс-керіс тудырмай-ақ түсінісіп, жөн сілтеуге бола ма? Әрине, болады.

Ендеше психологиялық-педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі 14 кеңеске құлақ түріңіз:

Тамағын ішпей жатып ұрыс-керіс ұйымдастырмаңыз;

Халық даналығында:

«Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер,

15-ке дейін құлыңдай жұмса,

15-тен кейін досыңдай сыйла,» - деген керемет ұлағаттын ақыл бар. Соны әрдайым басшылыққа алыңыз.

Бала бойындағыжағымсыз мінез-құлықтар үнемі есепке алынса;

ата-ана мен мұғалім бірлікте болып, баланың жақсы, жағымды істерін ылғи марапаттау қажет.

Қоршаған ортадағы теріс әрекеттерден үнемі сақтандырып отырса, мұғалім мен ата-ана әрқашан сергектік, шыдамдылық танытып, жанжылуын беріп, шеберлік көрсете білсе, онда балаларымыз өзімшіл болмай, қиындықтан қашпай, міндетті мен парызын орындайтын ұрпақ болары анық.

Ата-аналар кодексінде:

-Ата-ана ерекше жағдайда ғана емес, тәрбиемен ұдайы айналысуға міндетті;

-Баланы тәрбиелеу үшін ата-ана өзіміз тәрбиелі болуымыз керек. Тәрбие беру-ақыл айту емес;

-Баланы жақсы көргендінізді мейірімді, жылы сөзбен жеткізіп отырыңыз;

-Мектептегі жағдайды жақсарту мақсатында ұсыныстар айтуға құқыңыз бар.

-Қателігін түсіне білетін,

Дұрыс жүріп, күтіне білетін,

Үлкенді сыйлап, кішіні сүйетін,

Білімді жинап, дүниені шолатындай, - балаларыңыз, үлкен азамат болып өссің!

Сөз соңын ұлы ұстаз Макаренконың: "Баламен шындап сөйлесу үшін орын мен уақыттытаңдай біліңіз.

Кіре берістегі, жол-жөнекей айтылған сөз бала көңілінде керекті із қалдырмайды деген", - парасатты ойымен түйіндегенді жөн көрдім.

 

 

Комментарии   

 
+2 # Nurlan 06.04.2017 06:19
Өте түсінікті
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
+1 # Садықова Индира 06.04.2017 10:52
Сайт өте жақсы құрылған біраз ақпарат алуға болады.
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
0 # Шынболат Феруза 13.04.2017 05:31
Сайттың құрылуы құтты болсын, әрине өте жақсы деген баға береміз. Алдағы уақытта көп хабарды осы сайттан біле аламыз деп сенеміз.
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
0 # Ата-ана 14.04.2017 11:42
Сайт кушті екен.Кім жасаған?
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
0 # акимова гулден 07.09.2018 09:53
:roll: сайтты мектеп програмистті жасаған. Махамбетов Нурлан
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 

Добавить комментарий