жаналык33

 

       

 

 ҚЫЗЫЛОРДАДА «ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН ӨМІРЛІК   ДАҒДЫЛАРЫ: ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕР ЖӘНЕ ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

     6 сәуірде Қызылордада облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының Ұлттық орталығы» РМК директоры Жәмила Баттақова, «Жыныстық және репродуктивтік денсаулық жөніндегі Қазақстан қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Наталья Рахальская, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ержан Ерсаинов, БҰҰ бағдарламаларының өкілдері, прокурорлар мен Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы, жастар денсаулығы орталықтарының, Қазақстанның басқа өңірлерінен келген денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен «Жастардың денсаулығы мен өмірлік дағдылары: заманауи тәсілдер және озық тәжірибелер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. 
- Біріккен Ұлттар Ұйымының балалар қоры – ЮНИСЕФ-тің мәліметтері бойынша 5-тен 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы суицид, яғни өз-өзіне қол салу көрсеткіші бойынша Қазақстан әлемдегі ең нашар он елдің қатарында. 15-тен 29 жасқа дейінгі жастар арасындағы суицид жиілігі бойынша 4-ші орында. Осыған орай өткен жылы еліміздің білім және ғылым, денсаулық сақтау және ішкі істер министрліктері ЮНИСЕФ-пен бірлесе отырып, біздің қолдауымызбен Қызылорда облысында суицидтің алдын алуға арналған пилоттық жобаны іске асырды. конференция аясында аталған бастаманың нәтижелері мен оны жетілдіру жолдары және облысымыздың осы оң тәжірибесін басқа да аймақтарға тарату мәселелері талқыланады,- деді облыс әкімі.
Конференцияда денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары, жастар арасындағы суицидтің алдын алу жөніндегі мамандар сөз сөйледі. 
Конференцияның пленарлық және секциялық отырыстары кешке дейін жалғасты. Сондай-ақ қатысушылар БАҚ өкілдеріне брифинг беріп, перинаталдық орталықтың, балалар ауруханасының, облыстық медицина орталығының және облыстық жастар денсаулық орталығының жұмыстарымен танысты. Шара қорытындысы бойынша конференция қонақтарына арналған гала-концерт ұйымдастырылды. Сонымен қатар, аталмыш конференцияға мектебіміздің директоры Шолпан Әлиясқарқызы мен психолог Феруза Рахымқызы шақырылды. Феруза Рахымқызы конференцияның екінші бөлімінде жоғарыдағы тақырыпқа байланысты сөз сөйледі.

 

 

  

View the embedded image gallery online at:
http://280mektep.kz/index.php/widgetkit#sigProIdb73e20b27f

Комментарии   

 
0 # Jordan 03.05.2018 22:47
Why visitors still make use of to read news papers when in this technological world all is existing on net?


Also visit my web site ... choc
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
0 # Lucinda 04.05.2018 22:38
Hi, the whole thing is going perfectly here and
ofcourse every one is sharing information, that's in fact good,
keep up writing.

my web blog - chocolate
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 

Добавить комментарий